KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

Синоптиктер қазақстандықтарға екпінді жел соғатынын ескертті

wallpaperup.com

30.12.2023, 22:36 655 Назерке Каримова

Синоптиктер 30 желтоқсанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі 

Болжам бойынша, жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық ауа райы сақталады. Атлантика аудандарынан тағы бір циклон ықпалынан қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ және бұрқасын мен жел күшейеді.

"Ауа температурасы: түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқуы, батыста басым температура 3 градус аяз-2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу