Бұрынғы жұбайының телефонын тартып алды - Өскемен
Наурыз айының басында Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 28 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оның бұрынғы жұбайы үйінің кіреберісіндегі баспалдақ алаңында (ҚР заңнамасына қайшы) құны 50 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып кеткенін айтып, шағымданды. Оның себебі неке бұзу үрдісіне байланысты деп түсіндірді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің 27 жастағы бұрынғы жұбайын жеткізді. Жауап алу кезінде күдікті өз кәнісін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.