KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Махаббат үшін ойға келмейтін қылмыс жасаған

2.02.2021, 15:54 242

Өскеменде ер адам жауапсыз махаббаты үшін қасақана қылмыс жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала тұрғыны қызбен танысқаннан кейін оны ұнатып, «қырындап» жүреді. Бірақ қыз жігіттің сезіміне жауап беруден бас тартса керек. Алайда, сүйгеінен бас тарта алмаған жігіт қыздың Инстаграмдағы парақшасын, оған жазылушыларды бақылап отырып, бір ер адаммен шетелге барып түскен суреттерін көреді.

Өзінің жауапсыз махаббатын қызғанған жігіт «қарсыласына» зиян келтіру жолдарын ойластырады.

Алдымен телефон мен нөмір алып сол жігіттің атына тіркейді. Кейін тіркелген нөмір арқылы учаскелік инспекторға сауда үйінде бомба орнатылғандығы туралы хабарлама жібереді. Артынша телефон мен сим-картаны өзенге лақтырып жіберген.

-           Ол сотта өзінің кінәсін толығымен мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ сот нәтижесі бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындалды, - дейді пробация қызметінің инспекторы Гүлжан Байдақпаева. – Егер кінәлі бас бостандығын шектеу туралы жазадан қасақана жалтаратын болса, бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив