KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Сайлаудан кейін «парламенттік оппозиция» деген түсінік қалыптасады

10.01.2021, 12:55 148

Sailau Talks-2021 шарасында қазақстандық сарапшылар Қазақстанда өтіп жатқан Парламент сайлауының маңыздылығы мен ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«2021 жылғы сайлаудың бірінші ерекшелігі – конституциялық, яғни өз мерзімінде өтіп жатыр. Екіншіден, Қазақстанда тұңғыш рет мәслихат сайлауы партиялық тізім бойынша өтеді. Үшіншіден, тұңғыш рет саяси партиялардың барлық тізімінде 30%-дық квота сақталған. Төртіншіден, сайлаудан кейін жаңа Парламенттің құрамында бізде ең алғаш рет «парламенттік оппозиция» деген түсінік қалыптасады. Мен осы төрт ерекшелікті атап өткім келеді», - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина.


Сондай-ақ, Қазақстан стратегиялық зерттеулер инсттитутының сарапшысы Мадина Бектенова биылғы сайлаудың ерекшелігі – коронавирус пандемиясы жағдайында өтіп жатқанын баса айтты.


«Көптеген мемлекет осындай жағдайда сайлау өткізуден бас тартты, дегенмен сайлау өткізген мемлекеттер де бар. Қазақстан сол кезеңнен сәтті өткен мемлекет қатарына жатады. Бүгін бізде барлық сақтық шараларын сақтай отыра сайлау өтіп жатыр. Сайлаудың басты ерекшелігі – өз уақытында өтіп жатыр. Бұған дейінгі Парламент Мәжілісі сайлауы 5 рет мерзімінен бұрын өткен», - дейд ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу