KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
442.84 480.97 5

"Ауыл" партиясының мүшелері ШҚО-дағы тауарлы сүт өндіретін ферма жұмысымен танысты

3.01.2021, 22:09 273

Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Рабиға Тоқсеитова Шығыс Қазақстандағы тауарлы сүт өндіретін ферма жұмысымен танысты. Глубокое ауданында орналасқан шаруашылықта тәулігіне 36 тонна сүт сауылады. Осы жерде 20 жылдан бері жұмыс істетін Қайрат Қабдолдин бұрынғы мен бүгінгі жағдайдың айырмашылығы өте көп дейді.  

Қайрат Қабдолдин, ферма бригадирі:  
-Ол кезде өте ауыр болды. Жұмыстың бәрі қолмен істелетін. Қазір болса заманауи технологиямен істеледі. Адамдардың физикалық күш жұмсауы аз, бәрін техника істейді. 

Партия атынан Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Ауылды көркейту үшін жастарға көбірек көңіл бөліп, жан-жақты қолдау керек дейді.   

Рәбиға Тоқсейтова, «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткер:
-Енді осы жастардың бәрі ертең қалаға кетіп, кәрі адамдар зейнетке шыққаннан кейін ауыл шаруашылығын кім көтереді. Сондықтан осы мәселені біз қолға алып жатырмыз, жастарға көмек көрсетуді. Сонымен қатар бағдарламамызда тағы да бірнеше бағыттар көрсетілген. 

Кездесуде «Ауыл» партиясының өкілдері ауыл тұрғындарымен азық-түлік қауіпсіздігі туралы да сөйлесті. Шаруашылықтағы жұмысшылар кандидаттарға өздерінің сұрақтарын қойып, ауылды дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив