KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Сапасыз тауар сатқан дүкен моральдық өтемақы төлейтін болды

Фото: depositphotos.com

17.07.2024, 12:00 278 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрмыстық техниканың ірі дүкеніне талап қою бойынша сот процесіне қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылғы 14 қаңтарда тұтынушы дүкеннен Samsung маркалы ұялы телефонды 108600 теңгеге сатып алады. Өнім витринадан сатылады. Сатып алғаннан кейін ол телефонның ақаулы екенін анықтайды, атап айтқанда бір SIM картасы жұмыс істемейді, екінші SIM картасы нашар ұстайды. Осы проблемамен тұтынушы сатушыға жүгінеді, сатушы диагностика жүргізу үшін тауарды қабылдайды. Диагностика нәтижелері бойынша бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру анықталады.

Тауар ақшасын қайтарудан бас тартумен келіспеген тұтынушы сотқа арызбен жүгінеді. Департамент талапкердің пайдасына сот шешімін қабылдауға ықпал ететін түсініктемелер береді.

Сот шешімімен дүкен 108600 теңге көлемінде қаражатты қайтаруға, жауапкерден тұтынушының пайдасына 20000 теңге (моральдық зиян) өндіріп алуға міндеттелді.

Департамент басшысы Д. Дюсембаев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 15-бабына сәйкес сапасы сенімсіз тауар сатылған тұтынушы, егер оның кемшіліктерін сатушы ескертпесе, өз таңдауы бойынша талап етуге құқылы екенін қосымша хабарлайды.

Тұтынушы сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды, тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді, соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды, сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Тұтынушылар өз құқықтарын қорғау бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады (Өскемен, Крылов көшесі, 114, телефон: 8-7232-267-207).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив