KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Қоғамды дендеген дертпен жұмыла күресу керек

Фото: gov.kz

31.08.2024, 13:39 100 Ынтымақ Толқын

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір ақпаратты білетін адам ол туралы өзі жұмыс істейтін мекеменің басшылығына немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар беруі керек.

Ал мемлекеттік мекеменің басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық туралы келіп түскен хабар бойынша еліміздің заңдарына сәйкес тиісті шаралар қабылдауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адам еліміздің Қылмыстық-процестік кодексіне, Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңға сәйкес мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.

Азаматтар уәкілетті органдарға қалай көмектесе алады? Түсіндіре кетейік, еліміздің кез келген азаматы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлау, жемқорлыққа барған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар өзге де көмек түрлерін көрсете алады. Бұл жағдайда адамның өзі жұмыс істейтін (істеген) мемлекеттік мекеменің басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы деректер көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда құпия түрде сақталады және еліміздің заңнамаларында белгіленген тәртіппен беріледі.

Көрсетілген ақпаратты жария ету заң талаптарын бұзу болып есептеледі. 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты білген кезде оны хабарлау әр азаматтың міндеті екенін естен шығармайық. Қоғамды дендеген дертпен жұмыла күресіп, елдің дамуына тұсау болған қылмыстың тамырына балта шабуға әр азамат өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.

Р.Ахметов,

Өскемен қалалық мамандандырылған тергеу сотының приставы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив