KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Алаяқтық қылмысы өршіп тұр

Фото: gov.kz

30.09.2024, 17:22 788 Айжанат Бақытқызы

Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы қатты өршіп тұр. Алаяқтық дегеніміз - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты емдену.

Алаяқтық жасаған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Алаяқтық түрлері:  

  • адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
  • адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
  • ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен;
  • мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық

Осы жоғарыда көрсетілген  алаяқтық бойынша заңмен көзделген жаза, яғни мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Егер, алаяқтық:

1) ірі мөлшерде;

2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

4) бірнеше рет жасалған болса, онда мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Алдында айтылған құқық бұзушылықтар, қылмыстық топ жасаса немесе аса iрi мөлшерде жасалған жағдайда, онда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару неесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

                                                                                                                                                             А.Құсайынова 

                                                                                                       Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу

                                                                                                       соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу