KZ
Өскемен
переменная облачность жел 9 м/с, ОШ
496.71 531.33 5.55

Корпоративтік табыс салығы декларациясын толтыру кезінде жиі кездесетін бұзушылықтар

Фото: vecher.kz

Бүгін, 16:10 29 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші ұсынған есептілікті тұрақты түрде зерттеп, талдау жүргізетінін хабарлайды. Егер қандай да бір ауытқулар анықталған жағдайда, камералдық бақылау хабарламалар/ескертулер жолдау арқылы бұзушылықтарды өз бетінше түзетуге мүмкіндік беріледі.

Ең жиі кездесетін бұзушылықтар мыналар:

  • Электрондық шот-фактуралардағы (бұдан әрі - ЭШФ) (өткізу айналымдары бойынша) және бақылау-кассалық машиналардағы (бұдан әрі - БКМ) деректермен салыстырғанда табысты төмендету;
  • Сатып алу бойынша ЭШФ деректерімен салыстырғанда шығындарды арттыру.

Табысты төмендетудің негізгі себебі – кассалық чектердің соғылмауы. Мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін фискалдық тәртіпті сақтау, есеп жүргізуді автоматтандыру және ЭШФ мен БКМ деректерінің сәйкестігін тұрақты түрде талдау қажет.

Салық төлеушілер үшін бизнесті ашық жүргізу, түсімді дұрыс тіркеу және заманауи салықтық бақылау әдістерін пайдалану маңызды. Бұл бұзушылықтарды болдырмауға және компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Шығындарды арттыру - сатып алу бойынша ЭШФ деректерімен салыстырғанда жоғары сома көрсету кең таралған қателік болып табылады және салықтық тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Бұл жағдай салық төлеушінің іс жүзінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің құнынан жоғары соманы шегерімге жатқызуынан туындайды.

Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдерге жатқызылатын шығыстар тізімі Салық кодексімен белгіленген. Алайда кейбір салық төлеушілер салық төлеуден жалтару мақсатында шығыстарды бір категориядан екінші категорияға көшіру немесе дұрыс емес шегерімдерді көрсету сияқты әдістерді қолданады.

Тағы бір себеп – деректерді уақытында түзетпеу. 
Мысалы, ЭШФ-ға түзетулер енгізілген немесе тауарлардың бір бөлігі қайтарылған жағдайда, шегерім сомасы да қайта қаралуы тиіс. Бірақ бұл өзгерістер бухгалтерлік есепте көрсетілмесе, декларацияда сәйкессіздіктер пайда болуы мүмкін.

Осындай сәйкессіздіктерді болдырмау үшін бухгалтерлік есеп деректерінің ЭШФ мәліметтерімен сәйкестігін қатаң бақылау қажет. тұрақты Түрде салыстыру жүргізу сәйкессіздіктерді есептілікті тапсыруға дейін анықтап алуға көмектеседі.

Осылайша, бақылауды күшейту, автоматтандыру және салықтық есепті дұрыс жүргізу КТС бойынша шегерімдерді асыра көрсетуге байланысты қателіктердің алдын алуға және қосымша салықтық есептеулердің тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу