KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Декларация тапсырмаған салық төлеушілердің банктік шоттарындағы шығын операциялары тоқтатылады

Фото: ШҚО бойынша МКД

7.11.2024, 16:00 95 Гульжан Мусина

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялаудың үшінші кезеңі аясында 2 миллионнан астам жеке тұлға — заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары «Активтер мен міндеттемелер» декларациясын (250.00 нысаны) тапсырған. Бұл туралы Altainews.kz тілшісі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша жалпыға ортақ декларациялаудың III кезеңінің қорытындысы бойынша 9 123 адам «Активтер мен міндеттемелер» декларациясын (250.00 нысаны) тапсырмаған. Сондай-ақ, «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияны (270.00 нысаны) тапсырмаған тұлғалар саны 11 912 адамды құрап отыр.

Аталған декларацияларды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталған болатын.

Салық органдары декларация тапсырмаған салық төлеушілерге белгіленген мерзімде есептілікті ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберген. Мұндай салық төлеушілер хабарлама алғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде декларацияны немесе түсініктемені тапсыруы қажет.

Егер декларация тапсырылмаса, салық төлеушілерге банк шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтату шаралары қолданылатыны ескертілген (Салық кодексінің 118-бабы, 1-тармақшасы).

Салық төлеушілер декларацияны электрондық форматта салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk және ВСС.kz мобильді қосымшалары арқылы тапсыра алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу