KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Арман Дәулетиаров: Ұлдарыма қалыңдықты өзіміз таңдаймыз

5.04.2023, 17:00 208

МУЗ-ТВ телеарнасының экс-директоры, белгілі медиаменеджер Арман Дәулетиаров ұлдарына қалыңдықты қазақтың дәстүрі бойынша айттырмақ екен.

Арман Дәулетиаров «Хабар» арнасындағы «Оян» таңғы бағдарламасында қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

«Қазақ дәстүрлерінің мәні зор. Кезінде үйлену тойымызда келген достарымыздың арасында «Анаң тауып берген қызға үйленесің бе? Қай ғасырда қалып қойғансың? Оқыған жігітсің ғой» дегендер де болды. Бірақ мен анама уәде беріп, оған қарсы келе алмайтынымды айттым. Әрине, бастапқы кезде оңай болған жоқ. Қазір 20 жыл өткеннен кейін айналамдағы кісілердің 100% ажырасқан, балалары әртүрлі әйелден туған. Уақыт өте келе олар қазақ дәстүрлері керемет екендігін айтып, анамның қателеспегеніне көз жеткізді. Біз берік отбасына айналдық, мен үшін әйелімнен және балаларымнан қымбат ешкім жоқ. Анама сол үшін алғыс айтамын. Ұлдарыма да қазақтың дәстүрі бойынша қалыңдықты өзіміз таңдаймыз», – деді Арман Дәулетиаров.
 


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу