KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО әкімі "Қонақжай отбасы" жобасына түзету енгізді

27.02.2023, 17:49 261 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қазақ тілін үйрету жобасына түзету енгізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бүгін «Қонақжай отбасы» жобасы талқыладық, оның аясында қала оқушылары жазғы демалыс кезінде Катонқарағай ауданына барып, тілдік ортаға толық ену арқылы қазақша сөйлеуді үйренеді. Балаларды қабылдайтын отбасылар анықталды, мен жобаға кейбір түзетулер енгіздім, атап айтқанда олар білім беру бөліміне қатысты - жұмыс күндері сағат 10-нан 13-ке дейін балалар жергілікті мектепке барады, онда педагогтар оларды қазақша оқытатын болады, – деп жазды аймақ басшысы ресми парақшасына.

Облыс әкімінің айтуынша, әр отбасында екі бала тұрады. Оқу бағдарламасынан бөлек мәдени мекемелерге бару, спортпен шұғылдану, табиғатты, тарихты, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерттеу сияқты танымдық шаралар болады.

Балалар имитацияланған тұрмыстық жағдайларда (дүкенге бару, шай немесе таңғы ас дайындау, ауада ойнау және т.б.) ауызекі тілді үйренеді. Айтуымыз керек, Шығыс Қазақстан мұндай жобаны жүзеге асыратын алғашқы өңір болады.

– Кейін жобаны басқа аймақтар да негізге ала алады. Келесі жылы жобаға Шығыс Қазақстанның басқа аудандарының өкілдері де қатысады деп күтеміз, – дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу