KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да Конституция күніне орай 160-қа жуық іс-шара өтеді

Фото: assambly.kz

30.08.2023, 11:32 545 Ләззат Қанатқызы

24-30 тамыз аралығында ШҚО-да 20 мыңнан астам адамның қатысуымен түрлі форматтағы 160 іс-шара өткізу жоспарланған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде өңірдің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Рауан Жампейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

- Атап айтқанда, қалалар мен аудандарда мерекелік іс-шаралар, көрмелер, 20-дан астам әлеуметтік жәрмеңкелер, қайырымдылық акциялары, ғылыми-практикалық конференциялар, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялардың мүшелерімен кездесу, зияткерлік конкурстар, ойындар, жастарды қолдаудың негізгі заңдары мен бағдарламаларын білуге арналған диктанттар өтеді, - деді Рауан Жампейісов.

Барлық жерде салтанатты жиындар мен мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімдері жоспарланған. Өскемен, Күршім және Зайсан аудандарында саябақ, аула алаңдары ашылады. Облыстың еңбек ұжымдарында кездесулер, Ашық есік күндері, қызметкерлерді марапаттау өтпек.

- Сонымен қатар кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Консультативтік кездесулер өткізу жоспарлануда, - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу