ШҚО-да қызылшамен ауырғандардың дені ересектер
Фото: bessarabiainform.com
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қызылшаның 113 зертханалық расталған жағдайы (2023 жылы 278 жағдай) тіркелген деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, аймақта қызылшаның қарқынды көрсеткіш деңгейі – 15,5. Науқастардың көбі Өскемен қаласында тіркелген – 98 адам. Солардың ішінде ересектер – 50, балалар – 36.
Ал жалпы облыс бойынша науқастардың 49,5%-ы (56 адам) ересек адамдар болса, 14 жасқа дейінгі балалар – 37,2% (42 адам), жасөспірімдер – 13,3% (15 адам).
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз