KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай?

Фото: dnkom.ru

9.01.2024, 22:39 250 Ынтымақ Толқын

Өңірдегі қызылшамен ауырғандардың көбі - екпе алмағандар мен вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар.

Науқастардың негізгі үлесін (42%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

 Ағымдағы жылдың 9 қаңтардағы жағдай бойынша ШҚО-да қызылшаның 19 зертханалық расталған жағдайы тіркелген. Қарқынды көрсеткіш деңгейі 2,6% құрайды.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  Департаментінің мәліметінше, қызылшамен ауырғандардың негізгі үлесін (42% ) 14 жасқа дейінгі балалар құраған (8 жағдай). Ал науқастардың 37% - ы ересектер (7 жағдай) және 21% - ы жасөспірімдер(4 жағдай).

- Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет. Есте сақтаңыздар! Аталған індеттің алдын алудың ең тиімді жолы  қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені  бәріне белгілі, -деді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақыла Департаментінің басшысы Қ.Тұрдиев.


Сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар арасында тіркелген.

Айта кетелік, халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылған еді.

Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу