KZ
Өскемен
-24°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

ШҚО-да қызылшамен ауырғандар саны екі жүзден асты

baq.kz

23.12.2023, 10:13 412 Назерке Каримова

Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсандағы жағдай бойынша ШҚО-да қызылшаның 209 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО СЭБД ақпараты бойынша.

2022 жылдың осы кезеңінде қызылша аурушаңдығы тіркелмеген.

Науқастардың негізгі үлесін 70% - 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (147 жағдай), 25%-ы ересектерде (52 жағдай) және 5%-ы жасөспірімдерде (10 жағдай).

- Негізінен екпе алмаған және вакцинация туралы бейхабар адамдарауырған (135 адам), - делінген хабарламада. - Жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 13,9% немесе 13 қызылша науқасы Алматы, Атырау, Стамбул (Түркия) қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып елге әкелгендер.

|

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу