KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Қазақстанда 27 мың компания жабылды

Фото: halykbank.kz

8.02.2024, 17:02 143 ALTAINEWS

2023 жылы елімізде 27 мыңнан  астам заңды тұлға таратылды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі naryk.kz сілтеме жасап.
         
Таратылған заңды тұлғалар санының өсуі үшінші жыл қатарынан байқалып, 2023 жылғы көрсеткіш рекордтық көрсеткіш болды.

2023 жылдың соңғы тоқсанында таратылған заңды тұлғалардың саны 13 мың. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1%, 2023 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 3,6 есе артық.

ҚР өңірлері ішінде таратылған заңды тұлғалардың көбі ең ірі мегаполис Алматыда болды. Одан кейін Астана, Ақтөбе және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент.

Кәсіпорын көлемі бойынша таратылған заңды тұлғалардың 99,8%-ы шағын кәсіпорындар болды ( 27 мыңға жуық). Орта кәсіпорынның 38 бірлігі, ірі кәсіпорындардың 15 бірлігі таратылды.

Таратылған барлық заңды тұлғалардың шамамен үштен бірі сауда, сондай-ақ автокөлік пен мотоцикл жөндеу саласында болды, бір жылда олардың саны 10,5% -ға қысқарды. 

Одан кейін құрылыс, кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет және өңдеу өнеркәсібі.

                                                                          Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив