KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Қазақстанда дәрі-дәрмек шығару 36 пайызға азайды

Фото: egemen.kz

5.08.2023, 09:30 330

Ұлттық статбюро мәліметінше, Қазақстанда фармацевтикалық препараттар өндірісі 36%-ға қысқарды.

2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9% артық болған (73,3 млрд тг).

Сонымен қатар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив