Ұшақ билеттерінің бағасы қымбаттады
Фото: шартты сурет
Елімізде әуе сапарларының бағасы 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуір айында 17,7%-ға айтарлықтай қымбаттады. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Бірінші тоқсанда жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдаудан түскен табыс 151 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 1,5 есе көп деп хабарлайды Altaynews тілшісі
Жолаушылардың ең танымал бағыты Алматы қаласы болып қала береді. Онда бірінші тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданды. Сондай-ақ Астанаға 722 мың жолаушы жиі ұшатын. Үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы болды – 268 мың жолаушы.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 39,5%-ға артық. Мәселен, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есе ұлғайып, 5 513,6 млн п-км құрады.
4 мамырда Қазақстан қай елдермен визасыз режим туралы келіссөздер жүргізетіні белгілі болды.