Өскеменде «жаңа уақыттың» балалары дүниеге келді
Кібісе жылдағы қыстың соңғы күні мен көктемнің алғашқы күнінде Өскемендегі Ана мен бала орталығында 31 сәби дүниеге келді.
Бұл нәрестелердің біразы сағат тілі бір сағатқа шегерілген түні дүние есігін ашып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 29 ақпан күні өңірде 18 бала туған.
«Ақпанның 29-ынан 1 наурызға қараған түннен (жаңа уақыт бойынша) бастап таңертеңге дейін 13 сәби өмірге келді, оның ішінде 8 қыз бен 5 ұл бар, егіз және үшем болған жоқ», - деп жазылған денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыз