KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Жапония агенттігі Қазақстандағы микробизнесті дамытуға қомақты қаржы бөлмек

Фото: Stan.kz

1.03.2024, 16:28 117

KMF - Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Қазақстандағы алғашқы серіктесі. Бірлескен жоба шеңберінде агенттік KMF-ке 50 млн АҚШ долларын бөлмек. Бұл қаржы ауылды жердегі шағын кәсіпті қаржыландаруға бағытталады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

JICA несие желісі бұл сектордағы инвестициялар көлемін ұлғайтуға және 26 мыңнан аса кәсіпкерді қолжетімді қаржымен қамтуға мүмкіндік береді.

«KMF алғаш рет JICA-мен меморандумға қол қойды, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған ұйымның мақсаттары мен миссиясы бізге жақын. Бұл нақты секторды қолдау, бизнес климатын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл қаражат ауылдағы кәсіпкерлерге жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтуге, кірісті арттыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыруға бағытталады», - деді KMF-тің басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.


Айта кетсек, KMF клиенттерінің 70%-ға жуығы ауылды жерде тұрады, компания республика бойынша 4 мың елді мекенге қызмет көрсетіп отыр.

«Біздің стратегиямыз ауылдағы кәсіпкерлікті, агросекторды дамытып, бизнестегі әйелдерді қолдауға бағытталған. Агро бағытының өзінде 111 мыңнан аса клиентіміз бар. Ал портфеліміздің жалпы құрылымында 55% әйелдердің үлесінде», - деді Шалқар Жүсіпов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив