Өңірлік кадр резервіне өтініш қабылдау басталды
Сурет: depositphotos.com
Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары үімткер бола алады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және биылғы 1 наурызында басталып маусымның соңына дейін жалғасады.
Кадрлардың резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервтегілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда жергілікті атқарушы органдарда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнама бойынша тағайындалуы мүмкін.
Үміткерлер 1 наурыз бен 31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында жеке деректерін көрсетіп, тіркелуі қажет. Құжаттарды қағаз түрінде немесе электронды түрде ұсынған кандидаттар да онлайн платформада тіркелуге тиіс.
Өңірлік резервке іріктеу қандай кезеңдерден тұрады?
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау (1 наурыздан 31 наурызға дейін);
Заңнаманы білу деңгейін (5 сәуірден 9 сәуірге дейін) тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау (13 сәуірден 14 сәуірге дейін);
Құзыреттерді бағалау (22 сәуірден 7 маусымға дейін);
Өңірлік комиссиядағы құрылымдық сұхбат (13 маусымнан 15 маусымға дейін);
Өңірлік комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған үміткерлерді қарау (15 маусымнан 17 маусымға дейін).