KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

172 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Фото: azattyq-ruhy.kz

29.08.2023, 19:12 185 Ләззат Қанатқызы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу