KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қазақстан балық шаруашылығы комитетінің басшысы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

Фото: esquire.kz

10.04.2024, 21:17 56 Жанаргүл Мұқатай

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті үйқамаққа алынған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бекайдаров брифинг барысында ауыл шаруашылығы министрлігіндегі тергеу жайлы айтты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Антикордың мәліметінше, олар жалпы қамқорлығы үшін 2021-2024 жылдар кезеңінде шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінген.

Тергеу соты күдіктіні электронды білезікті пайдалана отырып, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. Ол кінәні толық мойындап, қазір тергеуге ықпал етіп жатыр.

Айта кетейік, өткен аптада журналист Кирилл Павлов АШМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісовтың ұсталғаны туралы хабарлаған еді.

Жүнісов еңбек жолын 20 жыл бұрын жеке секторда бастаған. 3 жылдан кейін ол мемлекеттік қызметке – балық шаруашылығы комитетіне ауысады. Ол бүкіл мансабын осы салада өткізді. 2021 жылы комитет басшысы болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив