KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстан Парламенті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады

Сурет: pexels

11.04.2024, 20:23 130 Айжанат Бақытқызы

Сенат депутаттары 11 сәуірде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Заңның мақсаты - әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да негіздерін жетілдіру.

Заңның негізгі міндеттері:

  • Заң бойынша Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыру арқылы денеге ауыртпалық және қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
  • Сондай-ақ заң 106-бап (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 107-бап (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша бас бостандығын шектеу мүмкіндігін жояды.
  • Кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен байланысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігін болдырмайды;
  • Кәмелетке толмаған адамды өлтіргені, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны және күш қолдану әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды енгізеді.
  • Қылмыстық кодекске 121-1-баптың жаңа бөлігін енгізу арқылы 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуді қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Басқа түзетулердің қатарында: неке-отбасы заңнамасының негіздерін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту және ілгерілету сияқты жаңа қағидаттармен кеңейтті. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың неке және отбасы институтын нығайту, әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсету бойынша енгізілді.

Жалпы, заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу