KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынады – Сенат

Фото: ru.freepik.com

11.04.2024, 12:34 151 Ержан Әбіш

Бүгін Сенат «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Заң әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

– Бұл тұрғыда Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізіледі. Біріншіден, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасаған адамға оған Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады. Екіншіден, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша, сондай-ақ Кодекстің 108-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 109-1 (ұрып-соғу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар татуласқаннан кейін қайталап жасалған жағдайларда тараптардың татуласуына жол берілмейді, – деді сенатор Жанна Асанова.

Сонымен қатар «Автомобиль көлігі туралы» заңы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 жасқа толмаған, ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері ертіп жүрмеген баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салатын нормамен толықтырылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу