Сәуір еңбекті қорғау айы деп жарияланды
фото: depositphotos.com
Биылғы сәуір айы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы деп жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров хабарлады.
Еске салайық, халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) өндірістегі жазатайым оқиғалар проблемасына әлем жұртшылығының назарын аудару мақсатында 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялағаны белгілі. Бұл күн алғаш рет 2003 жылы аталып өткен. ХЕҰ деректеріне сенсек, жыл сайын әлемде өндіріс орындарында болған жазатайым оқиғалар 2,3 миллион адамның өмірін қияды. Осыған байланысты жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні белгілі бір мәселеге арналады. Ал биыл «Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына әсері» тақырыбы таңдап алыныпты.
Бұл ретте, облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы сәуір айын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы деп жариялап, қорытындысын 26 сәуірде шығаруды ұсынып отыр.