«Туристік Қамқор» қоры Дубайдағы тасқынға байланысты маңызды мәлімдеме жасады
Фото: bitchute.com
«Туристік Қамқор» көшпелі туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі Біріккен Араб Әмірліктерінде қатты нөсер салдарынан жолда қалып кеткен қазақстандық туристерге жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Азаматтық авиация комитеті Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп өткізген кеңеске «Туристік Қамқор» КҚ төрағасы, туристері Дубайда жүрген туроператорлар мен авиакомпания өкілдері қатысқан.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, форс-мажор жағдайда туроператорлар жауапкершіліктен босатылатындығына қарамастан, әрбір туроператор өз туристерін орналастыру және тамақпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Сонымен қатар, авиакомпаниялар да билеттерді толықтай кері қайтаруды немесе билеттерді қайта брондауды қамтамасыз етуде»,-делінген хабарламада.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрағасы Инна Рейдің айтуынша, қазір Дубайда 1500-ге жуық турист бар. Туроператорлар авиакомпаниялармен бірлесіп осы туристерді Қазақстанға қайтарудың түрлі жолдарын қарастырып жатыр.
Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес, форс-мажорлық жағдай туындағанда белгілі бір міндеттемелерді орындаудан босататын норма бар екенін атап өтті.
«Қазір Дубайда болып жатқан жағдай форс-мажор болып саналады, өйткені бұл табиғаттың салған лаңы. Дегенмен, абдырап, дүрбелеңге түспеулеріңіз керек. Барлығыңызды ұйымдастырып, сол жаққа жөнелткен туроператорлар сіздерді далада қалдырмайды», - деп сөзін түсіндірді Инна Рей.