KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
525.11 546.74 4.88

ШҚО туризм басқармасы коронавирус тіркелген елдерге барудан бас тартуды ұсынды

10.03.2020, 04:56 114

Қытай Халық Республикасында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы аймақ тұрғындарына, сондай-ақ туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (турагенттіктер, туроператорлар және т.б.) Қытайға, сондай-ақ короновирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген елдерге сапарларды ұйымдастырудан бас тартуды ұсынды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Туристік қызмет туралы» Заңның 17-бабына сәйкес туристік қызмет көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 9-бабына сәйкес, құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттердің жолын кесу, залалдарды өндіріп алу, моральдық зиянды өтеу арқылы азаматтық құқықтарды қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Туристерде алдын ала жоспарланған саяхаттар бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен проблемалық сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ШҚО бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел.: 267207) немесе сот органдарына жүгінуді сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу