KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ауыр жарақат алған кеншіні аяққа тұрғызды – ШҚО

15.05.2024, 16:43 168 Айна Ескенқызы

Глубокое ауданындағы Белоусовка ауылының тұрғыны Никита Шумский қазір өз бетінше жүріп-тұрады. Үй шаруашылығымен айналыса жүріп денсаулығы үшін күрескен білікті медицина мамандарын ризашылықпен еске алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазатайым оқиға наурыз айының соңында болған. Никита Абай облысында шахтада жұмыс істеп жүріп  тау жынысы үйіндісінің  астында қалған. Оң жақтан ауыр соққы алған кенші жігіт есінен танып, бірнеше сағат бойы үйінді астында жатып қалған көрінеді. Дәрігерлер оның бет сүйегі, аяқ-қолдары сынғанын айтады. Алғашқы шұғыл көмек Семей қаласындағы жедел жәрдем ауруханасында көрсетілген. Одан кейін Никита ШҚО оңалту орталығына жеткізіледі. Бұл жерде дәрігерлердің күрделі жұмысы басталды.

– Никита бізге мүгедектер арбасымен келді. Ол тек балдақпен жүре алатын. Ауырсынғандықтан, тіпті жүруге қорықты. Оңалту процесіне травматолог, реабилитолог, невропатолог және психолог сияқты бірнеше маманды тартуға тура келді. Никитаның нағыз күрескер екенін мойындау керек. Үш күннен кейін ол өз бетімен қадам жасай бастады. Біз пациентті аяққа тұрғызғанымызға қуаныштымыз, – деді ШҚО оңалту орталығы травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі Надим Мұхаммед.

Қазір Никита үйінде, нейрохирургиялық және көзді қалпына келтіру операцияларына дайындалуда.

– Мен дәрігерлерге ризамын. Олардың көмегімен  қалыпты өміріме оралдым. Оңалту орталығына келмес бұрын дәрігелер ота жасалған аяғымнан аппаратты алып тастады. Мен болсам, қозғалуға қорықтым. Санамда психологиялық кедергі болды. Бірақ оңалту орталығының мамандары үш күннен кейін балдағымды тартып алып, «сенің қолыңнан келеді» деді.  Мен жүріп кеттім... – деп есіне алады Никита Шумский.

Никита екі ай бойы  барлық медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алып жатқандықтан, отбасына ешқандай шығын келмегенін айта кеткен жөн.

– Мен күрделі операциялар мен тиімді оңалту қызметінің құнын ешқашан өтей алмаспын деп ойлағам. Бәрі тегін болып шықты, МӘМС жүйесіне рахмет. Бұл қазір біздің отбасымыз үшін өте маңызды, – дейді Никита.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу