"Қонақжай отбасы" бірегей жобасының ауқымы кеңейеді
«Қонақжай отбасы» – мемлекеттік тілді тілдік ортада оқытуға бағытталған еліміздегі бірегей жоба.
Бұл жобаға биыл ШҚО-ның түкпір-түкпірінен 68 бала қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
12 жас пен 14 жас аралығындағы оқушылар Катонқарағай ауданының үш ауылы – Өрел, Берел және Катонқарағайдағы қонақжай отбасыларда жиырма күн тұрып, тілді меңгерді.
– Ауыл өмірінің ішкі атмосферасына еніп кеткен балалар ерекше әсер алып, бұл жобаны бұдан әрі жалғастыруды сұрады. Келесі жылы жобаға бөлінетін қаржы ұлғаяды және жоба ауқымы да кеңейеді, – деді халықпен кездесуде облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Оқи отырыңыз
ШҚО: «Қонақжай отбасы» жобасының аясы кеңейе түседіҚонақжай отбасы: Ата-аналар жобаның екінші кезеңін өткізуді сұрайдыШҚО: «Қонақжай отбасы» жобасына 50-ге жуық ата-ана өтінім берген“Қонақжай отбасы”: Балаларды қабылдауға 11 отбасы өтініш бергенБалаңыз қазақша үйренсін десеңіз, жазда "қонақжай отбасына" жіберіңіз