ШҚО-да 70-тен астам канал жөнделеді
Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам каналға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Алтай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.
Атап айтқанда, Қалжыр өзеніндегі «Победа» және «Қарақия» каналдарына, Тарбағатай ауданындағы алты каналға, Күршім ауданының 22 каналы мен Зайсандағы 50 ішкі шаруашылық каналына кешенді реконструкция жүргізілетіні белгілі болды. Соның арқасында нысандардың тиімділігі 65%-ға арпақ.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанға іссапары барысында ведомство басшысы Алтай ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Н.Нұржігітов министрлік арқылы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.


