KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскемендегі Қазақстан көшесі адам танымастай өзгереді

25.04.2024, 12:00 91 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскеменде көшелерді абаттандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп келеді. Былтыр Назарбаев даңғылының бойындағы үйлердің қасбеті жөнделген. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты.
Осы жылы Қазақстан көшесінің бойындағы үйлердің қасбеті жөнделіп, базар маңындағы жаяу жүргіншілер жолының бойы абаттандырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
Мердігер компания абаттандыруды бастап кеткен. Қазақстан көшесінің орталық базардан Пушкин атындағы облыстық кітапханаға дейінгі аралығы адам танымастай өзгермек. 

– Биыл біз Қазақстан көшесінің бойын жаңартуды қолға алдық. Алдымен универсамның алдындағы алаң жаңартылса, осыдан соң орталық базардың тұсындағы жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, маңайы абаттандырылады. Бұрынғы тұрған ескі дүңгіршектерді алып тастадық. Базар маңынан бастап Пушкин атындағы облыстық кітапханаға дейінгі аралыққа қоқыс жәшіктері, адамдар демалып отыратын орындықтар қойылады. Бұл жер көрікті аумаққа айналады, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. 

Сондай-ақ қала басшысы Қазақстан көшесінің бойындағы барлық ескі үйлердің қасбеті жөнделіп жатқандығын айтты. Жауапты мамандарға мердігер компанияның жұмысын жіті бақылауда ұстауды тапсырды. 

Фото: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив