KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

ШҚО тұрғынынан экстремистік деп танылған кітап тәркіленді

Фото: kazislam.kz

28.05.2024, 15:47 98 Айжанат Бақытқызы

Полицейлер Өскемен қаласының тұрғынын тексеру барысында экстремистік деп танылған, сәйкесінше Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған заң бұзушылық үшін азамат жауапқа тартылып, Өскемен қаласының мамандандырылған сотының шешімімен оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Айта кетейік, экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив