KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жылу маусымына дайындық сәуірде басталып кетеді

көрнекілік сурет: diapazon.kz

19.03.2024, 16:47 143 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде 2024 жылға арналған жөндеу науқанының жоспары талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еске салайық, ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі өңірлер үшін өте өзекті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында осыған тоқталып, 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуды тапсырды.

– Өткен жылы ауыстырылған, күрделі жөндеу жүргізілген және тартылған жылу желісінің жалпы ұзынды – 21,4 км. Бұған 8,6 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ бюджет қаражаты мен коммуналдық кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 436,6 млн теңге бөлініп, 22,2 км желіге ағымдағы жөндеу жүргізілді, – деді ШҚО ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 5,1 пайызға төмендеп, 60,6 пайыз болды.

– Биыл 28,5 млрд теңге бөліп, 49,5 км жылу желісін жөндеу жоспарда бар, – деп мәлімдеді бейінді басқарма өкілдері.

Бұл жоспар жүзеге асқан жағдайда желілердің тозуы тағы бес пайызға төмендеп, 55,6 пайыз болады.

Өңірдегі ірі жылу көздерін жөндеуге ерекше көңіл бөлінетінін айта кеткен жөн. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 4,1 млрд теңгеге, «Инвестицияға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде 2,3 млрд теңгеге жөндеу жүргізу жоспарланған. Риддер ЖЭО-ны жаңғыртуға биыл 8,5 млрд теңге бөлінуге тиіс. Жалпы нәтижеде ірі жылу көздерінің тозуы 56,4 пайызға тең болады, яғни 6,3 пайызға төмендейді деген сөз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу