Елімізде 6,8 млн бала бар
Фото: depositphotos.com
Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 миллионға дейін ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады.
Оның айтуынша, елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр. Оны шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба толық жүзеге асқан кезде жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Насымжан Оспанова.
Оқи отырыңыз