KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Мобильді аударым және мобильді төлем. Маман түсіндірді

3.06.2024, 18:01 107 Ынтымақ Толқын

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке кәсіпкерлер мобильді аударымдарды өз бизнесінде пайдалана алмайды. Ал қарапайым тұрғындардың бұл қызметті пайдалануына ешқандай шектеу жоқ.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің көшпелі семинарында түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мобильді аударымдарды жеке мақсатта пайдаланушыларға шектеу қойылмайды. Ал бизнес өкілдері мобильді аударымның орнына мобильді төлемдерді пайдалануға тиіс. Яғни QR код арқылы төлем қабылдайды. Бұл заңсыздықтың алдын алуға, тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған шара. Соңғы төрт жылда осы мәселе бойынша мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлердің мобильді аударымдарды бақылау-кассалық машиналардың көмегінсіз пайдаланатыны анықталды. Тұтынушыға түбіртек те берілмейді. Бұл заңсыздыққа алып келеді. Сондықтан кәсіпкерлерге бизнеске арналған банктік есепшот ашып, кассалық машиналардан түбіртек шығарған жөн, – деді Гүлмира Сабралимова. 

Айта кетейік, екінші дәрежелі банктер Мемлекеттік кірістер комитетіне үш ай көлемінде әртүрлі азаматтан жүз мобильді аударым қабылдағандар туралы ғана мәліметтерді жіберіп отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив