KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Тауар ақысын мобильді аударым арқылы төлеуге тыйым салынды

Фото: phonoteka.org

28.07.2023, 17:22 300 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа Қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.

Салық кодексіне сәйкес, барлық төлем бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы жасалуға тиіс. Қаржы министрлігі бірнеше жылдан бері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар банк қосымшасындағы QR-код арқылы мобильді төлем жасауға рұқсат етілген. Ал егер POS-терминалмен төлемді қабылдамаса және ақшаны аударуды талап етсе, шағымдануға болады – ондай кәсіпкерге айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу