KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Мобильді аударымдар қай уақытта шектеледі? Комитет түсіндірді

Сурет: Анель Абзалбекова

11.03.2024, 18:20 161 Оразай Жеңісұлы

Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қандай жағдайда мобильді аударымдар шектелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 – Мен қызымның сыныбында ата-аналар комитетінің төрайымы болып сайланғанмын. Кейде сыныптағы ата-аналар бірігіп ақша қосып, балаларды киноға, ойын-сауық орталықтарына апарып тұрамыз. Ақшаны барлығы менің Каспий қосымшама жібереді. Сұрайын дегенім, мобильді аударымдар тексерілетін болса, маған күдік түспей ме? Мен кәсіпкерлікпен айналыспаймын ғой, – деді редакцияға сауал жолдаған Өскемен тұрғыны.

 Бұл сұраққа мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі былай жауап берді:

– Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды.
Адал кәсіпкерлерге алаңдайтын ештеңе жоқ. Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Өз кірістерін жасыратын немесе жеке шоттарына қатарынан үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғалар ғана тексеруге жатады.
Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер бақыланбайды. Сондай-ақ бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді – салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1%-дан 4%-ға дейін.
Әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне мобильді аударымдар жасауға шектеулер жоқ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив