Мобильді аударымдарды тексеру шегі арта ма?
Фото: lada.kz
Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мобильді аударымдарды тексеру шегін 1,5 миллион теңгеге дейін арттыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Мәди Тәкиев мобильді аударымдарды бақылау үшін салық қызметкерлері екі критерийді қолданатынын айтты: 100-ден астам аударым және үш ай ішінде.
Бұл ретте ол бұл мәселе төңірегіндегі жағдайдың жалпы тұрақтанғанын айтты.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қазір мониторинг критерийлеріне өзгертулер енгізу ұсынылып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, бір жеке тұлғаның банк шотына келесі үш айда 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан ай сайын жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асатын немесе 255 мың теңгеден астам қаражат түсуі.
6 наурызда «Ақ жол» фракциясының депутаттары қазақстандықтардың 1,5 миллион теңгеден басталатын мобильді аударымдарын тексеруді ұсынды.