Алтай қаласының жылу жүйелеріне жөндеу жүргізіліп жатыр
Алтай қаласы биыл қысқы дайындық қамына ерте кірісіп кетті. Қала ішіндегі жылу желілерін ауыстыру, тексеру және қазандықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаладағы қазандықтарды жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлаған.
Сонымен қатар жауапты мердігер ұйым 6КВ кабель тарту жұмыстарын бастап, аудандық қазандықтағы №2 қазанның шойын экономайзерін орнату жұмыстарын аяқтаған. Қазіргі уақытта №4 қазанның қазандық жағасын бөлшектеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Осылай жылу беру маусымына дайындықтың жалпы барысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, қатаң бақылауға алынған.