KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев елші болып тағайындалды

Фото: akorda.kz

21.06.2024, 11:04 86 Анель Слямғазықызы

2024 жылдың 20 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", -деп жазылған Ақорда таратқан ресми ақпаратта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті Жанна Сартбаева атқарған болатын. Президент Жарлығымен ол да лауазымынан босатылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу