Биыл әлеуметтік көмірдің бағасы қанша?
Фото: depositphotos.com
Облыс орталығында әлеуметтік көмір жеткізу туралы меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылы жеңілдетілген бағадағы қатты отын 15 мың теңге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскеменде алдағы жылыту маусымына 25 мың тонна әлеуметтік көмір жіберу бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды. «ШҚО Ауғанстан мүгедек-ардагерлері» ҚБ төрағасы Олег Фроловтың айтуынша, биыл халықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес арзан бағадағы отын мөлшері 10 тоннаға азайған. Сондай-ақ, келесі айдан бастап көмір бағасының қымбаттауы мүмкін.
Айта кетейік, «Әлеуметтік көмір» жобасы Өскеменде 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Жоба бойынша қала тұрғындарының кей санаты көмірді жеңілдетілген бағамен алып, жеңілдікпен жеткізуге мүмкіндігі бар.