KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
471.46 504.79 5.53

Адам папиллома вирусына екпе салуға дайындық жүріп жатыр

27.06.2024, 18:31 28 Айна Ескенқызы

Елімізде өтіп жатқан репродуктивтi денсаулық апталығы аясында мамандар жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусына қарсы  вакцинаның маңыздылығы мен вакцинация науқанына дайындық жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Мамандардың келтірген мәліметтеріне сүйенсек,  жыл сайын  Қазақстанда  жатыр мойны обырының екі мыңға жуык  жаңа жағдайы тіркеледі, бір жылда 600-ден астам  қыз-келіншек  осы  патологиядан  көз жұмады.  Елімізде  жатыр мойны обыры  сүт безі обырынан  кейінгі орында тұр. Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусын емдеудің тиімді әдісі – осы вирусқа қарсы вакцина салдыру екені қазір ғылыми дәлелденген. 

- Адам   папиллома вирусы  -  бұл  теріні және  дененің  әр түрлі  бөлектерінің  шырышты  қабықтарын  зақымдайтын  вирустар тобы. Бұл вирус  жылдам  таралуға  қабілетті, катерлі ісікті дамытуымен  қауіпті. Бүгінгі  таңда АПВ  емдеудің жолы  жоқ, оның алдын алудың бірден бір әдісі – бұл  вакцина салу. Облыста он бір жастан асқан бес мыңнан астам жасөспірім қыз тіркелген.  Сол себепті біз ата-аналардың назарын жасөспірім қыздарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға аударғымыз келеді, - деді  акушер-гинеколог, балалар гинекологы Лиза Қасымханова. 

Акушер-гинеколог дәрігердің айтуынша, бүгінде әлемнің 135 елінде ( Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия, АҚШ, т.б.) он бес  жылдан бері осы вакцинаны салу қолға алынған.  Нәтижесінде  16-18 жас аралығындағы жастарда АПВ  80 пайызға төмендегені байқалған, Финляндия мен Швецияда  20 жастағы әйелдерде жатыр мойны обырының азайғаны тіркелген. Бұл  вакцинаны  алғашқы рет  2006 жылы қолданған. Әлемде  100 миллионнан астам адамға  егілген,  осы максатта  270 миллионнан астам дозасы  пайдаланылды. 

Биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға осы вирусқа қарсы екпе салына бастайды. Вакцина  тіркелген мекенжайындағы емхана мен мектептердегі екпе кабинеттерінде тегін  салынады. Жасөспірім қыздар дәрігердің   тексеруінен  кейін , ата -анасының немесе камкоршыларының  келісімі алынғаннан кейін ғана  егіледі.

-Вакцинаға  карсы көрсетілімдер болмаса,  алты ай аралықпен  екі рет салынады. Вакцина құрамында вирустық ДНК жоқ әрі  ол тірі вакцина емес. Сол себепті   адам  папиллома  вирусын , инфекциясын  немесе  жатырдағы  катерлі ісікті  тудыруы мүмкін емес. Сонымен бірге  әйелдердің репродуктивтік  қызметіне  кері ықпал етпейді  және  бедеулікке әкеліп  соғуы да мүмкін емес.   Бұл әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулердің нәтижесінде  дәлелденген, - деп сендірді акушер-гинеколог.

Лиза Қасымханованың сөзіне қарағанда, елімізде төрт валентті вакцинаны салу жоспарланған. Қазір оның қанша дозасы алынатыны нақтылануда.

-Мен ата-аналар қыздарының болашағын ойласа, дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. Қыздарымыздың  денсаулығы  тек  өз  қолымызда. Жатыр  мойны обырын бірге жеңеміз, - деп қорытындылады спикер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив