KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 4 м/с, С
473.95 513.38 5.5

ШҚО: Прокуратураның қадағалауымен жұмысшылардың жалақысы қайтарылып, үлескерлердің мүддесі қорғалды

Фото: gov.kz

11.07.2024, 12:11 112 Жанаргүл Мұқатай

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының аймақ тұрғындарымен өткізіп келе жатқан көшпелі кездесулері ең өзекті деген мәселелердің ауқымын анықтап, шешуге мүмкіндік беріп отыр. 2024 жылдың 1 жарты жылдығында облыс прокуратурасының үйлестіру және қадағалау шараларымен «Шиеленіс ошақтары Картасының» 14 мәселесі шешілді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Мысалы, заңгерлік көмек көрсету арқылы Аққала ауылының (Самар ауданы) 15 жылдан астам жері мен тиесілі дивидендін ала алмаған 100-ден астам үлескерлердің құқықтары қалпына келтірілген. Бүгінгі таңда үлескерлердің жерді игеруіне ешқандай кедергі жоқ.

Сол сияқты, үйлестіру шараларымен «Востокшахтострой» және «Шемонаиха су арнасы» сияқты облыстағы ірі кәсіпорындардың 300-ге жуық жұмысшыларының жалақысы бойынша (140 миллион теңгеден астам) берешек мәселесі толығымен шешілді

Қабылданған шаралармен аймақтағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Жалпы облыста қылмыстың 6,8%-ға (2516-дан 2344-ке дейін) төмендеуі байқалады.

Үш буынды үлгі аясында қылмыстық қудалау органдары 5567 негізгі процестік шешімді келісіп, бекітті.

974 кәсіпкердің құқығы қорғалды. 38 инвестициялық жобаны қолдау арқылы инвесторлардың 5 проблемалық мәселесі шешілді. Осылайша, «Лениногор сыра зауыты» ЖШС-нің мәселесі шешіліп, кәріз суын бұру үшін техникалық шарттарды алуға көмек көрсетілді.

«Eртіс» СПК-нің бастапқы келісім шарттарына қайшы келген, инвестор «MeдСервисПлюс» ЖШС сатып алған жердің құнын көтеру әрекетін тоқтатты (облыстағы ең ірі дәрі-дәрмек қоймасының терминалын салу жобасын жүзеге асыру бойынша, құны 2 миллиардтан астам. теңге).

Қадағалау актілері бойынша мемлекеттік бюджетке 697 млн теңге, оның ішінде, 111,3 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұлдар өндірілді, 53,4 млн теңге сомасындағы мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив