KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматты жүйе орнатылмақ

фото: depositphotos.com

16.07.2024, 10:25 116 Жанаргүл Мұқатай

Ауыр жүк көліктері аудан жолдарын әбден тоздырып жатыр.

Көлік Министрлігінің тапсырмасына сәйкес облыстық маңызы бар жолдарда жүк көлік құралдарының салмақтық параметрлерін өлшейтін автоматты жүйе орнатылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстағы  кен тасымалдаушы  ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз қозғалысы жол жабындысы құрылымын бұзуға, көлік қозғалысына қауіп төндіретін ақаулардың пайда болуына әкеліп жатыр.  Ойық- шұңқырға айналған мұндай жолдарды қайтадан қалпына келтіру үшін кем дегенде орташа жөндеу жүргізу қажет.

– Көлік министрлігінің тапсырмасына сәйкес облыстық маңызы бар жолдарда жүк көлік құралдарының салмақтық параметрлерін өлшеудің автоматты жүйесін орнату мәселесі қаралуда. Мысалы, Күршім ауданында пайдалы қазбалардың көптеген кен орындары бар. Кен орындарында комбинаттардың болмауына байланысты осы ауданның аумағынан алынған кен Алтай ауданына, облыстық маңызы бар Күршім-Қалжыр (131 км) және Үлкен Нарын-Күршім (135 км) автомобиль жолдарымен тасымалданып жатыр. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бұл жолдарға шамамен 5,8 млрд. теңге салынып, 192 км жөнделді, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыр жүк көліктерінің ауыл жолдарын әбден тоздырып жатқанын айтқан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Уәлиев.

Біздің облысқа салмақтық бақылаудың бір кешенін орнатуға 130 млн теңге бөлінген, қазіргі  уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив