Тағы бір алаяқтық схемасы туралы ескертілді
фото: depositphotos.com
Полиция қызметкерлері банк шоттарының қауіпсіздігіне қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полицейлер жаңа алаяқтық схема туралы айтты.
«Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, террористік ұйымдарды банктік шоттар арқылы қаржыландыру дерегі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банктік шоттарға аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды», - деп ескертті полиция қызметкерлері.
Қазақстандықтардан сақ болуды, белгісіз адамдармен диалогқа бармауды және ешбір жағдайда белгісіз банк шоттарына ақша аудармауды және бейтаныс адамдарға бермеуді сұрады.
Оқи отырыңыз
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға SMS арқылы үндеу жолдадыБір күнде бес алаяқтың жолын кесті - ӨскеменБанк шоты мен карта нөмірін тіпті полицияға да беруге болмайдыКүмәнді ақша аударымдары 22 шілдеден бастап бұғатталады — Ұлттық банкLED-экрандардан интернет-алаяқтық туралы ақпарат көрсетіліп жатыр – ШҚО