ШҚО-да су мұнарасын бұзып жатқан кран аударылып қалды
Фото: Шемонаиха ауданының әкімдігінен
Шығыс Қазақстан облысында су мұнарасында бөлшектеп жатқан кран аударылып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға 1 тамыз күні Шемонайха қаласында болған.
«Кран металдан жасалған су цистернасын бөлшектеу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан аударылып қалды», - деп мәлімдеді Шемонайха ауданының әкімдігі.
Зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, екі жеңіл көлік зақымданған.
«Жұмыстарды орындауға байланысты барлық іс-шараларға мердігер жауапты», - деп атап өтті әкімдікте.
Шенеуніктердің айтуынша, биыл аудан орталығындағы су мұнарасын демонтаждау жұмыстары жоспарланған.
Оқи отырыңыз