Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды
Өскемен-Шемонайха тасжолында автокөлік аударылып қалды. Полицияның мәліметінше, жүргізуші мас болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жол апаты 8 тамызда сағат 05:30 шамасында болған. NISSAN LAUREL маркалы автокөлікпен келе жатқан 1989 жылғы азамат тасжолдың 96-ншы шақырымына жеткен кезде рульге ие бола алмай, жолдан «ұшып» кеткен.
Жүргізуші көлікте жалғыз болған, зардап шеккен жоқ. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз