Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қолға алу керек – ШҚО әкімі
Өңірдегі дүкен сөрелерінде шетелдік емес жергілікті өнімдер тұруға тиіс. Ауыл шаруашылығы алға басқан аймақтың тұрғындары өз өнімдерін тұтынса құба-құп. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өңір басшысы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді қолға алып, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуді тапсырды.
– Мен бүгін Ұлан ауданының орталығындағы азық-түлік дүкендеріне кіріп шықтым. Сөрелерде көрші елдерден әкелінген тауарлар тұр. Мұндай өнімдер өзімізде де бар, тек нарыққа шығару жағы ақсап тұр. Ауыл шаруашылығының ошақтарын дамытып ғана қоймай, өнімдерді жарнамалау және маркетингтік жолмен қолдау көрсетілуі керек, – деді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз